54 келіге дейінгі салмаққа қайта оралған Махмұд Сабырхан Азия чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды msports.kz сайты.
Қазақстандық боксшы ширек финалда шриланкалық Жайната Кумарды жарыс жолынан шығарды. Махмұдтың екінші раундтағы жойқын соққыларынан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатты. Техникалық нокаут тіркелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Махмұд Азия чемпионатындағы екінші жеңісіне қол жеткізді. Бірінші кездесуінде Тайпей спортшысы Ян-Лин Лейге еш мүмкіндік бермей, бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіп шыққан болатын.
Жартылай финалда тай боксшысы Сукхет Сарабутпен жұдырықтасады.
Айта кетейік, Азия чемпионатының жартылай финалына 18 боксшымыз жолдама алды.