Махмұд Сабырхан алғаш рет Азия чемпионы атанды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Махмұд Сабырхан алғаш рет Азия чемпионы атанды
Фото ©️ qaz_team_official|instagram

Қазақстан ерлер құрамасының қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. 54 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан мансабында алғаш рет Азия чемпионы атанды, - деп хабарлайды msports.kz сайты. 

БӨЛІСУ

Финалда отандасымыз өзбек боксшысы Шахзод Музафаровтан айласын асырды. Қарсыласынан қарымды екенін айқын байқатты. Есеп - 4:1.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Махмұд Сабырхан әлем чемпионы болған. Париждегі Олимпиада ойындарына қатысты. Азия чемпионатында күміс алған, әлі чемпион болмаған еді. Бүгін бұл жетістікті де бағындырды.

Айта кетейік, бұған дейін шаршы алаңға шыққан Санжар Тәшкенбай өзбек Шодиержон Меликузиевке жол беріп, күміс жүлдегер атанған еді.

Жекпе-жектерді тікелей эфирде осы сілтемені басып көре аласыз.