Махмұд Сабырхан әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Махмұд Сабырхан әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады
Фото ©️ kfb.kz

Қазақстандық жас боксшы Махмұд Сабырхан Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатын жарқын жеңіспен бастады. Отандасымыз бірінші жекпе-жегінде оңтүстік кореялық Ин Гю Кимді жарыс жолынан шығарды.

БӨЛІСУ

54 килоға дейінгі салмақтағы жекпе-жекте Махмұд қарсыласын айқын ұтты. Төрешілер 5:0 есебімен 20 жастағы қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.

1/8 финалда Махмұд Сабырхан шотланд боксшысы Мэттью Макхэйлмен жұдырықтасады. Жекпе-жек 31 қазан күні өтеді.

Айта кетейік, бүгін Айбек Оралбай (92 кило), Саматәлі Төлтаев (60 кило) және Асланбек Шымбергенов (71 кило) шаршы алаңға шығады.