Мадридтік «Реал» мен «Атлетико» алдағы қысқы және жазғы ойыншылар ауысымы кезінде құрамдарына жаңа ойыншы қоса алмайтын болды. Қос клуб ойыншы сатып алуда ФИФА ережелерін сақтанбаған.
Халықаралық футбол қауымдастықтары одағы (ФИФА) мадридтік клубтардың ұйым ережесін сақтамағаны туралы ақпаратты ресми сайтында жариялады. Екі клуб та 18 жасқа жетпеген ойыншыларды командаға қосу кезінде шектес тыс ойыншылар тіркеген. Нәтижесінде «корольдік клуб» - 900 мың, «Атлетико» 360 мың швейцар франкін айыппұл ретінде төлейді.
Қос клуб та алдағы уақытта ФИФА шешіміне қарсы шағым түсірмек.
Айта кетейік, осыған дейін каталондық «Барселона» да 18 жасқа толмаған ойыншыларды тіркеуде ФИФА ережесін сақтамағаны үшін екі трансферлік маусымда ойыншы сатып алмаған еді.