Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Мадияр Әшкеевтің қарсыласы анықталды
Фото ©️ Мадияр Әшкеев (OFFICIAL PAGE)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев 26 қараша күні шаршы алаңға шығады. АҚШ-та өтетін бокс кешінде отандасымыз америкалық Маркус Бэкфордпен жұдырықтасады.

БӨЛІСУ

23 жастағы америкалық осыған дейін 9 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліп, үшеуінде тең түскен. 2016 жылы өткізген екі кездесуінде де жеңілген. Ал Мадияр шаршы алаңда алты кездесу өткізіп (3 нокаут) барлығында жеңіске жетті. 

Мадияр мен Маркус арасындағы жекпе-жек 27 қарашада АҚШ-тың Коннектикут штатындағы Нью-Лондон окургіне қарасты Монсвилл қаласында өтеді. 6 раундқа жоспарланған.

Айта кетейік, Мадияр Әшкеев өзінің соңғы жекпе-жегін 24 кыркүйек күні Мартез Джексонға қарсы өткізіп, ұпай саны бойынша жеңіске жеткен болатын.