Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев Санта-Инесте (АҚШ, Калифорния штаты) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегінде пуэрто-рикалық Луис Эрнандесті жеңді.
БӨЛІСУ
10 раундқа белгіленген жекпе-жек соңына дейін жалғасты. Отандасымыз төрешілер шешімі бойынша айқын жеңіске жетті.
Мадияр кәсіпқой бокстағы 11-ші жеңісіне қол жеткізді. 6 кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын ұтып шыққан. Жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық кәсіпқой боксшылардың бірі.
Айта кетейік, Санта-Инестегі бокс кешінде Мейірім Нұрсұлтанов та шаршы алаңға шықты. Ол мексикалық боксшы Рамон Агинагиді нокаутпен жеңді.