Мадияр Әшкеев жарақат алған жекпе-жекте жеңіске жетті

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Мадияр Әшкеев жарақат алған жекпе-жекте жеңіске жетті
Фото ©️ massaget.kz

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев украиналық Игорь Фанянмен жекпе-жекте қабағынан жарақат алды. Шаршы алаңдағы шайқас 8 раундта аяқталып, оған дейінгі ұпай саны бойынша отандасымыз жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Мадияр жекпе-жекті ширақ бастады. Қарсыласын әр сәт сайын қыспаққа алып, мықтылығын мойындата білді. Тек 6-шы раундта алған жарақатынан

- Ассалаумағалейкум, құрметті қауым! Барлықтарыңызға алғысым шексіз. Жастар ерінбейік, еңбек етейік. Кәсіпқой боксты биікке көтере берейік. Жекпе-жекті өзім ойлағандай өткізе алмадым. Кездесуді көрдіңіздер. Сондай-ақ Эгис Климасқа алғыс айтамын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Мадияр жекпе-жек соңынан.

Айта кетейік, Алматыдағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Қанат Ислам мен Доминикан Республикасынан келген Хулио де Хесус жұдырықтасады. Ал осыған дейін шаршы алаңға шыққан Сапарбай Айдаров, Арман Рысбек, Бексұлтан Раушанов, Берікбай Нұрымбетов, Нұрсұлтан Аманжолов, Асқар Ерубек, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев барлығы қарсыластарын айқын жеңіп шықты.