Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев (11-0, 6 КО) 23 мамыр күні шаршы алаңға шығады. Отандасымыз америкалық боксшы Сесил Маккалламен (21-3, 8 КО) жұдырықтасады.
Бокс кеші Аризона штатындағы Тусон қаласында өтеді. Ал екі боксшының жекпе-жегі 10 раундқа жоспарланған.
34 жастағы америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы жолын 2008 жылы бастаған. 20 жекпе-жек бойы жеңілмеген. Алайда 2015 жыл боксшы үшін сәтсіз болған. Осы жылы үш кездесуінде де ұтылды. Нәтижесінде 3 жылдай шаршы алаңға шықпай кеткен.
2018 жылы қайта оралып, колумбиялық Хейро Жезус Сириусты 3 раундта нокаутпен жеңген.
Мадияр Әшкеев болса осы жылдың қаңтар айында жекпе-жек өткізді. Санта-Инесте (Калифорния штаты, АҚШ) өткен бокс кешінің басты кездесуінде пуэрто-рикалық Луис Эрнандесті ұтты.