Уругвайлық шабуылшы Луис Суарес 2013-2014 жылдың қорытындысы бойынша "Aлтын бутсы" иегері атанып отыр. 27 жасар ойыншы өткен жылы «Ливерпуль» сапында 31 гол соғып ағылшын чемпионатының сұрмергені атанған.
Бұл титулға тағы да дәл осындай көрсеткішті көрсеткен «Реал» ойыншысы португалдық Криштиану Роналду да үміткер болатын. Дауыс беру нәтижесінде Суарес алтын бутсыны жеңіп алды. Бұл кубокты Луиске «Ливерпульдің» бұрынғы бапкері Кенни Далгиш табыс етті. Роналду өзінің сыйлығын қарашаның аяғында иемденетін болады.
Тағы бір айта кетерлік жайт, Суарестің дисквалификациясы жақын арада аяқталады. 25 қазан күні «Барселонаның» «Реалға» қарсы ойынына алаңға шығуы мүмкін.
Дайындаған: Бауыржан Жақсымбет
сурет: sports.ru