Лопес Ломаченконы жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды

Тұрсынбек Раушанұлы Корреспондент
Тұрсынбек Раушанұлы>
Лопес Ломаченконы жеңіп, абсолютті әлем чемпионы атанды
Фото ©️ Eurosport.com

Украиналық боксшы Василий Ломаченко (14-1, 10 КО) күтпеген жерден 23 жастағы америкалық Теофим Лопестен (15-0, 12 КО) жеңіліп, өзінің чемпиондық атағынан айырылды. Америкалық жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды.

БӨЛІСУ

Бұл жекпе-жекте Ломаченко өзінің WBC Franchise, WBA Super және WBO белбеулерін қорғау керек болатын. Лопес болса осы кездесуге дейін IBF чемпиондық белбеуінің иегері еді.

Алғашқы раундтарда екі спортшы да көп күш жұмсамай, мұқият бокстасты. Екінші раундта Ломаченко бірнеше жақсы соққылар жасай алды. Осыған қарамастан, Лопес белсенді болып көрінді. Алтыншы раундта бұл көрсеткіш бойынша ол украиналықтан едәуір басым түсті.

Кездесудің екінші жартысы да осындай сценарий бойынша өтті. Ломаченко екінші нөмірде жұмыс істеді және сирек болса да дәл соққылар жасады. Оның бұл сылбырлығын Лопес өз пайдасына сәтті қолдана білді.

11-раундта Ломаченко бірден қарсыласын есеңгіретіп шабуылға көшті. Лопес бірнеше күшті соққыларды өткізіп алып, тек раундтың соңында ғана өзіне келді.

Соңғы раунда Ломаченко шабуылды жалғастырды, бірақ Лопес оған қарсы шабуылдармен жауап берді. Соңғы секундтарда америкалық есеңгіріп қалды, бірақ кездесуді аяқтай алды.

Нәтижесінде төрешілердің бірауыз шешімі бойынша – 116-112, 119 - 109, 117-111 есебімен Лопес жеңді.