Футболдан ағылшын премьер-лигасында "Ливерпуль" жеке-дара көш бастап келеді. Мерсисайдтық команда 6-турда "Челсиді" ұтты.
Лондонда өткен ойында Юрген Клопп шәкірттері 1:2 есебімен жеңіске жетті. Нәтижесінде АПЛ рекордын жаңартты. Өткен маусымды қоса алғанда команда 15 ойын қатарынан жеңіске жетіп келеді. Ал жаңа маусымдағы 6 ойында да ұпайдан шашау шығарған жоқ.
"Ақсүйектерге" қарсы ойында "Ливерпуль" сапынан Александер-Арнолд пен Роберто Фирмино гол соқты. Ал алаң иелерінің бір голын Нголо Канте өз еншісіне жазды.
"Челси" – "Ливерпуль" - 1:2 (0:2)
Гол соққандар: Канте (71) - Александер-Арнолд (14), Фирмино (30)
"Челси": Аррисабалага, Томори, Эмерсон (Алонсо, 15), Кристенсен (Зума, 42), Аспиликуэта, Канте, Ковачич, Маунт, Жоржиньо, Виллиан, Абрахам (Батшуайи, 77).
"Ливерпуль": Адриан, Матип, Робертсон, Александер-Арнолд, ван Дейк, Хендерсон (Лаллана, 84), Вейналдум, Фабиньо, Мане (Милнер, 71), Фирмино, Салах (Гомес, 90).
Ескерту алғандар: Томори (20), Александер-Арнолд (57), Фабиньо (78), Ковачич (84), Милнер (86), Алонсо (90).
Турнир кестесі