Левандовскидің Фергюсонге де, Моуриньюге де берген жауабы "жоқ"

Жұлдыз FM Корреспондент
Жұлдыз FM>
Левандовскидің Фергюсонге де, Моуриньюге де берген жауабы "жоқ"

Дортмундтық "Боруссия" шабуылшысы Роберт Левандовски Бундеслигада қалу үшін "Манчестер Юнайтедтен" де, "Челсиден" де және "Реалдан" да бас тартқанын айтып, ағынан жарылды. 

БӨЛІСУ

Ағымдағы жазда 25 жастағы поляк ойыншысына көптеген клубтар соның ішінде "Боруссияның" Бундеслигадағы басты бәсекелесі "Бавария" да құда түспек болған. Алайда, жалақысы қомақты сомаға көтерілгеннен соң Роберт осы маусымды Дортмундта өткізуге келісім берді. 

Левандовскидің айтуынша, ол шынымен де ағылшын алыптарымен әңгімелесіп көріпті. Қалай болғанда да Роберт Бундеслиганы Премьер-Лигаға ауыстыру шешіміне келе қоймаған сыңайлы. 

"Мен Жозе Моуриньюмен сөйлескенімді растай аламын. Бұрын біз бірнеше рет сөйлескен болатынбыз. Телефонымда нөмірі де сақталған. Осындай бапкердің маған хат жазуы мен үшін үлкен қошемет". 

"Бір жыл бұрын мен сонымен қатар, сэр Алекс Фергюсонмен де тілдестім және әңгіменің жақсы әсер қалдырғаны сөзсіз. Сэр Алекстің зейнетке кетуі менің Англияға бармауыма себеп болған жоқ. Ол менімен бір жыл бұрын сөйлесті, бірақ ол мен үшін қолайлы уақыт болмады". 

"Әрине Премьер-Лига Ла Лига секілді алып турнир. Бірақ Бундеслигада алдағы бес жылда үздік болуға  барлық жағдай, стадион, жанкүйер және атмосфера бар", - дейді Левандоски The Sun-ға берген сұхбатында. 

Сонымен қатар, Роберт өткен Чемпиондар Лигасында корольдік клубқа қарсы ойнаған жартылай финалдық кездесуден соң "Реал" президенті Флорентино Переспен де кездескенін құпия қалдырмады. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: eurosport.ru