«Лестер» футбол клубы 2015/2016 жылғы маусымдағы ағылшын премьер-лигасының чемпионы атанды. Клаудио Раньери жаттықтыратын команда өз тарихында мұндай ірі жетістікті алғаш рет бағындырып отыр.
БӨЛІСУ
«Лестер» премьер-лига ойындарының аяқталуына екі тур қалғанда чемпион атанды. Команданың жеңіс тұғырынан көрінуіне «Челси» мен «Тоттенхэм» арасындағы ойынның маңызы жоғары болды. Лондондық клубтар 2:2 есебімен тең ойнап, нәтижесінде «Тоттенхэм» чемпиондық атақтан үміт үзді.
Өткен маусымда «Лестер» бар-жоғы 14-орын алған болатын. Биыл өз тарихындағы ең ірі жетістігін бағындырып отыр.