Лэнс Армстронг туралы фильм түсіріледі

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент
ЮРИЙ НИКУЛЛИН>
Лэнс Армстронг туралы фильм түсіріледі

"Тур де Франс" турнирін жеті рет жеңіп, кейін допинг дауына байланысты үлкен спорттан өмір бойы аластатылған спортшы Лэнс Армстронг туралы фильм түсріріледі.

БӨЛІСУ

Кино түсіру үшін Paramount Pictures студиясы мен Джей Джейдің Bad Robot компаниясы спортшының өмір жолын кітап етіп жазу құқығын сатып алыпты. Кітапты The New York Times газетінің тілшісі Джульетта Макур жазуға бүгінде кірісіп те кеткен. Еңбектің аты – «Өтіріктер циклі немесе Лэнс Армстронгтың құлауы» деп аталады екен. Кітап толығымен аяқталып біткен соң, қос компания бұл еңбекті кино етіп те түсіретін болады.

Тілші бұл еңбектің ішінде спортшының соңғы онжылдықта басынан не өткергенін жазады. Яғни оның 1998 жылы рак ауыруынан айығып, "Тур де Франс" додасын жеті рет жеңіп алғаны, сонымен қатар 2013 жылдың қаңтар айында Опра Уинфридің телешоуында допинг (рұқсат етілмеген дәрі-дәрімек) қолданғанын мойындағанына дейін кірістіретін көрінеді.

Еретекте, негізі Лэнс Армстронг туралы киноны Sony Pictures компаниясы түсіруді ұйғарған болатын. Ол фильмде басты рөльді Джейк Джилленхолл сомдайтын еді. Дегенмен ол кино қиындықтардың барлығын жеңген қаһарман спортшы туралы фильм болатын. Армстронг допинг қабылдағанын мойындағаннан кейін бұл компания спортшы туралы киноны түсіруге үзілді-кесілді қарсы болып, шарнтамасын бұзуға мәжбүр болған.

 

 Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ

Сурет: isport.ua