АҚШ-тың ең атақты велошабандозы Лэнс Армстронг өзінің допинг (тыйым салынған препараттар) қолданғанын мойындады. Бұл туралы ол өзінің туған қаласы Остинде өткен Опра Уинфримен болған сұхбат барысында айтқан екен.
Армстронг осыған дейін Америка антидопингтік агенттігінің шешімімен өмір бойына спорттан шеттетілген еді. Ол аздай Халықаралық велосипедшілер одағы оны 1998 жылдан бергі алған атақтарынан айырып, жүлде есебінде берілген қаржыларды да қайтаруға шешім шығарды. Естеріңізге сала кетсек, Лэнс Армстронг "Тур де Франс" велобәйгесін 7 мәрте ұтқан еді.
Одан бөлек, сұхбат барысында ол барлық таныстарынан, достарынан және жанкүйерлерінен кешірім сұраған екен.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gazeta.ru