Англия құрамасы мен лондондық "Челси" командасының ойыншысы Фрэнк Лэмпард балаларға арналған кітап топтамасын жазып шығармақ. Осы және өзге де ақпараттарды BBC хабарлай отырып, аталған ойыншының жақында ғана "Little", "Brown Books for Young Readers" секілді баспалармен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеді.
Келісім-шарттағы көрсетілген шарттарға орай, Лэмпард бес жастан асқан балаларға арналған бес кітап жазып шығуы тиіс. Әр кітапта бала кездегі Фрэнки мен оның достары және Макс деген ит туралы айтылатын болады. "Фрэнкидің сиқырлы футболы" деген атау алып отырған топтаманың бірінші кітабы осы жылдың маусым айында "Фрэнки теңіз қарақшыларына қарсы" деген атпен шыққалы отыр. Одан кейін тағы екі басылым - "Фрэнки римдіктерге қарсы" және "Фрэнки мумияға қарсы" кітаптары 2013 жылдың аяғына дейін жарық көрмек. Ал қалған кітаптар 2014 жылдың бас кезіне жоспарланыпты.
34 жастағы футболшының айтуы бойынша, кітаптағы кейіпкерлердің мінез-құлықтарынан осы жылдар ішінде бір командада ойнаған әріптестердің болмыс-бітімдері көрініп тұрмақ. Және кітап шығару идеясы Фрэнктің басына бала бағып отырғанда келген.
"Спорт пен оқу - екеуі екі нәрсе. Екеуі де біздің отбасыға керек дүниелер. Мен сол үшін де футбол және шытырман оқиғаларға құрылған өз тарихымды жазғым келді" - дейді ол.
Бүгінде Лэмпардтың бағып-қағып отырған екі қызы бар.
Кітап шығарудың бүкіл еңбегі Нил Блэр мен Зои Кингке сеніп тапсырылған секілді.
сурет:footballhd.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек