Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер Сауль Альварес жекпе-жекке шықпаса, екінші бір мексикалық боксшы Хильберто Рамиреспен келіссөздерді бастайтынын хабарлады.
- Егер «Канеломен» арадағы келіссөздер тығырыққа тірелер болса, осы жылы Головкин-Рамирес жекпе-жегін ұйымдастыратын боламыз, - деді Том Леффлер.
Осыған дейін Хильберто Рамирестің промоутері Боб Арум Головкинмен кез келген уақытта жекпе-жек ұйымдастыруға дайын екендіктерін хабарлаған болатын. Мексикалық боксшы екінші орта салмақта WBO чемпиондық белбеуіне ие.
Айта кетейік, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы келіссөздер нақты шешімін таба алмауда. Жекпе-жек қыркүйек айында, болмаса келер жылы ұйымдастырылуы да мүмкін.