Лассана Диарра ұлттық құрамамен қош айтысты

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Лассана Диарра ұлттық құрамамен қош айтысты

Ресейлік "Анжи" клубының жартылай қорғаушысы Лассана Диара Франция құрамасы сапындағы спорттық мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол ұлттық құрама қатарында соңғы рет 2010 жылдың тамыз айында Норвегияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шыққан болатын. 

БӨЛІСУ

Диарра неліктен құрамадан кеткендігін былайша түсіндірді: "Франция ұлттық құрамасы сапынан біржола кеттім. Көпшілікке шындықты айтатын кез жеті. Мен соңғы 3-4 жылда бас бапкер Лоран Бланнан ұлттық құрама сапына алынбауымның себебі менің клубтық деңгейде аз уақыт ойнағандығым деген сөзді ғана естумен келдім. Бірақ оның неге олай айтқанын түсінбедім. Мен "Реал" қатарында бір маусымда 30 матчқа қатыстым. Одан да ол маған сенім артпайтынын ашық айтуы керек еді. Оның сөзіне сенер болсақ, менің қасымда аса танымал емес Франция клубтарында ойнайтын және ойын уақыты менен де аз ойыншылар құрамаға шақыртылып жатырды емес пе?!".

Лассана Диарра ұлттық құрамаға алғаш болып 2007 жылы шақырылған еді. Ол "үш жолақтылар" қатарында 28 матчқа қатысты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: chelsea-fans.com