Лас-Вегаста Головкин - "Канело" жекпе-жегінің атрибутикалары сатылып жатыр

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Лас-Вегаста Головкин - "Канело" жекпе-жегінің атрибутикалары сатылып жатыр
Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жегіне арналған фирмалық киімдер шығарылып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

БӨЛІСУ

Шолақ жейде, бас киім мен спорттық жейделерді MGM Grand аренасындағы сауда дүкендерінен алуға болады. Онда барлық ресми шаралар өтіп жатыр. Бас киім құны - 35 доллар. Жейденің құны 35-пен 40 доллар аралығында, ал спорттық жейделерді 60 долларға алуға болады. 

Әзірге сатып алушылар арасында үлкен бір дүрбелең жоқ, себебі барлығы ресми түрде осы ғимаратқа салмақ өлшеу рәсімі күнінде келеді. Сатушылардың айтуынша, олар үлкен сұранысқа дайын. Олар киімдерді артығымен өндіріп, жекпе-жек аяқталғаннан кейін де сатылымға қоятын тауарларының болатынын айтады. 

Сонымен қатар жекпе-жек болатын күні T-Mobile аренасында боксшының қолғабын сатып алуға болады. 

Айта кетейік, Головкин - "Канело" жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Сауль Канело Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық "The Ring" журналының белбеуін бәске тігеді.