Қызылорданың жас таэквондошылары Ресейден жүлделі оралды

Еркебұлан Қайрахан Корреспондент
Еркебұлан Қайрахан>
Қызылорданың жас таэквондошылары Ресейден жүлделі оралды

Ресейдің Рязань қаласында өткен таеквондодан халықаралық жарыста қызылордалық спортшылар жүлделі оралды. Бұл туралы  Baq.kz облыстық  дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.  

БӨЛІСУ

Қазақстан құрама командасы олжалаған 1 алтын Қызылорда облысы спортшысының еншісінде. Жарысқа мықты деген 1500 спортшы 40 салмақ дәрежесінде қатысқан.

Халықаралық жарыста Қазақстанның намысын абыроймен қорғаған жастар арасында сынға түскен №1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы Айнұр Есбергенова 52 келі салмақта чемпион атанды.

Жасөспірімдер арасында №2 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінен Жібек Көпен +59 келіде күміс жүлдені иеленсе, Ж.Баһадүр атындағы облыстық спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат спортшысы Айым Тоғман 51 келіде қола жүлдені иеленді.

Спортшылар сәуір айында Қытайдың Тайпей қаласында болатын Азия чемпионатына қатысады. 

сурет: dstadion.ru