Қыздар арасында джиу-джитсу спортын дамыту жайында семинар өтті

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қыздар арасында джиу-джитсу спортын дамыту жайында семинар өтті

Мамыр айының басында Алматы қаласындағы "Kazakhstan Top Team" клубында джиу-джитсу күресі бойынша АҚШ-тан келген маман Адам Фокстың қатысуымен  семинар өтті. Бұл семинар қыз балаларға арналды.

БӨЛІСУ

Аталмыш семинарда шеберлігін шыңдап жүрген спортшы қыздарымыз өздерінің осы уақытқа дейін үйренген əдістерін көрсетті. Қаракөз қыздарымызға арналған семинарды Аида Курбанова ұйымдастырды. Ол қыздар арасында еліміздегі спорттың дамуына зор үлес қосып келеді. Джиу-джитсудан көк белбеуге ие болған жəне алғашқы болып әлем чемпионы атағын алған. Қыздарға арнап спорт клубын ашқан тұңғыш ару - осы Аида Курбанова.

Бұрын-соңды ұлдар мен қыздар бір топта бірлесіп жаттығу жасайтын. Бұл әрине кейбір тұрғыдан келгенде нәзік жандыларға қолайсыздық тудыратын. Арулардың жеке топ болып ашылып жаттығып жүргеніне екі жылдың көлемі болды. Нәтижесінде Абу Даби қаласында өткен "Adu-Dhabi World Jiu-Jitsu Festival" атты əлемдік чемпионаттан 62 кг салмақ бойынша қызымыз Кəмшат Дүйсебаева чемпион атағын жеңіп келді. Мұның бәрі қыздар тобын ашып, қамқорлық жасап жүрген жандардың жетістігі деп есептейміз. Сондай ақ Аида Курбанова мен Адам Фокс мырза спортшы қыздарға деген қамқорлығын мұнымен шектеп қалмақ емес. Еңбегіне сай жемісі демекші, осы семинарда тосын сый ретінде Кәмшат Дүйсенбайға Адам Фокс мырза арнайы көк белбеуді табыстады.

Осындай келелі істерден кейін алдағы уақытта қыздар арасындағы джиу-джитсу қарыштап дами береді деген сенімдеміз. Спорттың қыр-сырын терең ұғынған қыз балаларға жеке назар аударып дұрыс жұмыс ұйымдастыра білген "Kazakhstan Top Team" клубы жене еліміздің алдыңғы қатарлы спорт клубы екеніне күмән жоқ.

Жантөре Кушкаров