Қытайда өткен беделді каратэ турнирінде қазақ қыздары жүлделі орын алды

Айжан Бақдаулет Корреспондент
Айжан Бақдаулет>
Қытайда өткен беделді каратэ турнирінде қазақ қыздары жүлделі орын алды
Фото ©️ Қазақстан каратэ федерациясы

Қытайдың Ханчжоу қаласында каратэден премьер-лига санатындағы 2025 жылдың екінші жарысы аяқталды. Қазақстан каратэ федерациясының мәліметінше, Karate 1-Premier League - осы спорттағы ең беделді турнир. Оған рейтингтегі TOP-32 спортшы ғана жолдама алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

БӨЛІСУ

Бұл бәсекеде Қазақстан құрамасының 3 спортшысы кумите бағдарламасында жүлдеге қол жеткізді. Топта барлық қарсыласын ұтқан тұңғыш әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай (-50 кг) финалда Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU (бірінші ұпай алған спортшы жеңісі) бойынша есе жіберді. Мөлдір қаңтар айында Парижде өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола жүлдегер атанған.

Осыдан кейін жартылай финалда сүрінген Әсел Қанай (61 кг) мен Софья Берульцева (+68 кг) кіші финалда қарсыласын ұтып, қола медаль иеленді. Еске сала кетейік, Әсел мен Софья қыста Парижде күміс жүлде жеңіп алған. Барлығы бұл жарысқа 68 елден 400 спортшы қатысты. Қазақстан командасы сапында 13 каратэші. Айта кетейік, Ханчжоуға ең көп спортшыны Жапония құрамасы алып барады (30 спортшы). Одан кейін Италия (29), Франция мен Түркия (21 адамнан).


Осыдан соң премьер-лиганың (Karate 1-Premier League) келесі кезеңі Каир (18-20 сәуір) мен Рабат (30 мамыр - 1 маусым) қаласына көшеді. Қазақстан каратэшілері Париждегі жарыста 2 күміс, 3 қола медаль алған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!