Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасымен жолдастық кездесу өткізетін Қырғызстан ұлттық құрамасының құрамы белгілі болды.
Уақытша бас бапкер қызметін атқарып жүрген Мирлан Эшенов командасына 18 футболшыны шақырған. Олардың қатарында енді ғана қырғыз елінің құрамасында ойнауға мүмкіндік алған 3 легионер де бар. Махачкалалық «Анжи» қорғаушысы Валерий Кичин, көкшетаулық «Оқжетпес» жартылай қорғаушысы Анатолий Власичев және омандық «Сахам» клубында ойнауға бел буып жүрген Мака Кум жерлестерімізге қарсы ойынға шақырту алған.
Қырғызстан құрамасы құрамы:
Қақпашылар: Павел Матяш, Валерий Кашуба
Қорғаушылар: Валерий Кичин, Азамат Байматов, Марат Аджиниязов, Шерзод Шакиров, Тэго Даниэль,
Жартылай қорғаушылар: Азиз Сыдыков, Жыргалбек уулу Кайрат, Эсенкул уулу Чолпон, Владимир Касьян, Анатолий Власичев,Мака Кум,
Шабуылшылар: Қайымжан Шәріпов, Иван Филатов, Мирбек Құдайбердиев, Мирлан Мурзаев, Давид Тетте.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы кездесу 5 қыркүйекке жоспарланған. Ойын елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кіру тегін. Кездесу Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады. Тікелей эфирде «KazSport» арнасынан тамашалай аласыздар. Ал Қазақстан құрамасы болса осыдан екі күн алдын оқу-жаттығу жиындарын бастаған болатын. Қырғызстанмен өтетін жолдастық кездесуден кейін жерлестеріміз 2016 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында Латвияны (9 қыркүйек) өз алаңында қабылдайды.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: ffkr.kg