"Қыран" Премьер-лига жолдамасынан қағылды

Нұржігіт Айдархан Корреспондент
Нұржігіт Айдархан>
"Қыран" Премьер-лига жолдамасынан қағылды

Бүгін елордадағы "Астана Арена" стадионында футболдан 2015 жылғы ел біріншілігіне берілетін соңғы жолдаманы тараздың "Тараз" клубымен шымкенттің "Қыран" клубы сарапқа салды. Аса тартысты өткен ойын 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын соңындағы пенальтиден 3:1 есебімен тараздық команда жеңіске жетті.

БӨЛІСУ

Осылайша, "Тараз" клубы премьер-лигадағы өз орнын сақтап қалды. Тараздық клубы биылғы маусымды 11 орынмен аяқтап, "қауіпті аймақта" ойнауға мәжбүр болған еді. Ал, шымкенттік ұжым бірінші лигада екінші орынға ие болып, 2015 жылғы ел біріншілігіне қатысу жолында бір табан алға жылжи түскен еді. Алайда тәжірибелі "Тараз" клубынан айласын асыра алмады.

2015 жылғы ел біріншілігіне 12 команда қатысады. Бірінші лигадағы тікелей жолдама "Оқжетпес" командасының еншісінде. Көкшетаулық команда 64 ұпаймен бірінші лига жеңімпазы атанған болатын. 

«Тараз» — «Қыран» - 1:1 (0:1), Қосымша уақыт 0:0, Пенальти сериясы 3:1.
Гол: Яровенко 59 — Жұмаханов 24
 Сары қағаз: Мыңбаев 20, Онал 74, Ермұрзаев 90+1, Пищулин 101, Жұмаханов 104 — Башлай 52, Д.Евстигнеев 57
Қызыл қағаз: Жұмаханов 120+1
Төрешілер: А. Рахимбаев (Алматы), О. Богданов (Семей), Р. Суюнов (Павлодар)

Сурет: Vesti.kz