Турзим және спорт министрі Ермек Маржықпаев Қазақстан Париж Олимпиадасында жүлде жеңіп алатын үш спорт түрін атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бізде нысана атудан ешқашан осынша жолдама болған емес, бізде қазір 6 лицензия бар. Садақ атудан да мұнша лицензия ешқашан болған жоқ - 5 жолдама. Яғни, күтпеген бір нәтижелер болып қалуы мүмкін.
Жүлде алуға болатын топ-3 спорт түрі, меніңше, боксшылар бізде жүлдесіз қалмауы керек.
Сонымен бірге, теннисшілер де деп ойдамын. Демек бокс, теннис және күрестің бір түрінен", - дейді Маржықпаев журналистер сұрағына жауап бере отырып.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!