Күрестен мемлекет және қоғам қайраткері Д.Қонаевты еске алуға арналған халықаралық турнир аяқталды, - деп хабарлайды msports.kz ҚР ҰОК-не сілтеме жасап.
Боз кілемдегі балуандар бәсекесіне Қазақстан, АҚШ, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Аустралия, Бразилия, Ресей, Моңғолия спортшылары қатысты.
21 желтоқсанда 57 келі, 65, келі, 74 келі, 86 келі және 97 келі салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаздар анықталды.
Бірінші күні жеңімпаз атанғандар:
57 келі: Рахат Қалжан (Қазақстан)
65 келі: Әділ Оспанов (Қазақстан)
74 келі: Дэвид Аарон (АҚШ)
86 келі: Болат Сақаев (Қазақстан)
97 келі: Джонатан Айелло (АҚШ)
Турнирдің соңғы күні 61 келі, 70 келі, 79 келі, 92 келі және 125 келі салмақ дәрежелері бойынша медальдар сарапқа салынды.
Екінші күні жеңімпаз атанғандар:
61 келі: Мейрамбек Қартпай (Қазақстан)
70 келі: Ерназар Акматалиев (Қырғызстан)
79 келі: Сулдхуу Олонбаяр (Моңғолия)
92 келі: Азамат Дәулетбеков (Қазақстан)
125 келі: Серік Бақытханов (Қазақстан)
Айта кетейік, Тараздағы халықаралық турнирге қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан да қатысқан болатын. Жартылай финалда америкалық Джонатан Айеллоға жол беріп алды.