Халықаралық күрес түрлері федерациясы жаңа салмақ дәрежелерін жариялады. 2014 жылдың 1-і қаңтарынан бастап қолданысқа енетін салмақ дәрежелері алтыға қысқарды. Бұл туралы alasharena.kz сайты хабарлап отыр.
2016 жылы Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарында балуандар төмендегі салмақ дәрежелері бойынша боз кілемде белдесетін болады.
Грек-рим күресі: 59, 66, 75, 85, 98, 130 келі
Еркін күрес: 57, 65, 74, 86, 97, 125 келі
Әйелдер күресі: 48, 53, 58, 63, 69, 75 келі
Сонымен қатар, Олимпиада ойындарынан бөлек аламандарда қосымша 2 салмақ қосылады. Атап айтар болсақ, еркін күресте 61 және 70 келі, грек-рим күресінде 71 және 81 келі, әйелдер күресінде 55 және 60 келі салмақ дәрежелерінен жүлделер таратылады. Дегенмен бұл салмақтар Олимпиада бағдарламасына енбей отыр. Бұл салмақ дәрежелері санының қысқаруының тиімді немесе тиімсіз тұстарын алдағы уақыт көрсетпек.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: vk.com