Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин ширек финалға шықты. Ол Аустралиядан келген келген теннисші Дейн Проподжиді ( 6:4; 6:1 ) сенімді түрде жеңді.
Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы Теймураз Габашвили (Ресей) мен Егор Герасимов (Беларуссия) жұптарының жеңімпазы болады. Ал осыған дейін жұптасып өнер көрсетуде Михаил Кукушкин және Андрей Голубев жұбы жартылай финалға шыққан болатын. Олар Хосе-Рубин Стэтхэм (Жаңа Зеландия) және Вишну Вардана (Үндістан) жұптарын 7:6 (7:4); 7:6 (8:6) есебімен қапы қалдырған-ды. Финал үшін болатын тартыста қазақстандық теннисшілер Александр Кудрявцев пен Иван Сергеев - Теймураз Габашвили мен Константин Кравчук (барлығы - Ресей) жұптарының жеңгенімен бақ сынасады.
Естеріңізге сала кетсек, жүлде қоры 225 000 АҚШ долларын құрайтын теннистен «Президент куогы» 22 шілде күні басталған болатын. Жарыс 28 шілде күні өз мәресіне жетеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
сурет:tengrinews.kz