Астана қаласында теннистен өтіп жатқан «Президент кубогында» жерлесіміз Михаил Кукушкин келесі кезеңге өтті. Ол Словакиядан келген теннисші Адриан Сикорды ( 7:5; 7:6; 7:2;) жеңді.
Михаил Кукушкиннің келесі кезеңдегі қарсыласы аустралиялық Дейн Проподжи болады. Дейн алғашқы кезеңде еліміздің атынан сынға түскен Алексей Нестеровты қапы қалдырды. Екі сетке созылған ойындағы есеп 6:3; 6:1 есебімен аустралиялық теннисшінің пайдасына шешілді.
Ерлер арасында жарыстың басты жүлдесіне үміткер Израильден келген Дуди Села тағы бір жерлесіміз Денис Евсеевты жарыс жолынан шығарды. Есеп 6:1; 6:2. Әйелдер арасында әлемдік рейтінгідегі көрсеткіші жоғары португалдық Мария Жоао Кохлер де келесі кезеңге сүрінбей өтті. Ол Тайландтан келген Нуднид Луаннды екі сет қорытындысы бойынша 6:1; 6:2 есебімен жеңді.
Естеріңізге сала кетсек, теннистен «Президент куогы» 22 шілде күні басталған болатын. Жарыс 28 шілде күні өз мәресіне жетеді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
сурет: tengrinews.kz