«Дэвис кубогы» аясында Астанада Бельгия құрамасымен кездесіп жатқан Қазақстан теннисшілері 1:0 есебімен алға шықты. Алғаш болып бақ сынаған Михайл Кукушкин қарсыласы Рубен Бемельмансты сенімді түрде жеңді.
Бұл кездесудің сөзсіз фавориті қазақстандық теннисші болатын. Жерлесіміз соңғы АТР рейтингі бойынша 67-ші орында болса, қарсыласы 163-ші сатыда еді. Өзіне сенімді өнер көрсеткен Михайл Кукушкин қарсыласын 6:4, 6:7, 6:2, 6:3 есебімен тізе бүктірді. Енді санаулы минуттан кейін «Дәулет» теннис орталығының кортына Андрей Голубев пен Давид Гоффин шығады. Ал ертең жұптық кездесулер өтеді.
1-ші ақпан
Евгений Королев/Денис Евсеев — Оливье Рохус/Киммер Коппеянс
2-ші ақпан
Михаил Кукушкин — Давид Гоффен
Андрей Голубев — Рубен Бемельманс
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: kursiv.kz