Кубокты неміс жанкүйеріне сыйлаған шал кім?

Ардақ Құлтай Корреспондент
Ардақ Құлтай>
Кубокты неміс жанкүйеріне сыйлаған шал кім?

Футболдан әлем чемпионатына сәл де болса қызығушылығыңыз болса суреттегі шалды көзіңіз шалып қалған болар? Ендеше біз сол жанкүйер ата жайлы дерек іздеген едік.

БӨЛІСУ

Оның аты Кловис Акоста Фернандес (Эрнандес). Ал оның жалпы жұртқа жайылған аты – Gaucho da Copa (кубок ұстаған Гаучо). Кловис соңғы 24 жыл бойы Бразилия құрамасының барлық ойындарына қатысқан.

Оның сөзінше, 1970 жылы әлем чемпионатын тұңғыш рет көргенінде бұл ойынға қатты ғашық болыпты. Өз елінің құрамасы жеңіп жатқанда ол да бұл жағдайды өз көзімен көруді армандаған. Бірінші рет жанкүйер чемпионатқа 1990 жылы барған. Сол уақыттан кейін ол тағы да бір әлем біріншілігіне қатысыпты. Ал «хет-трикті», яғни үшінші әлем чемпионатын Бразилиядағы біріншілікке барып орындаған.

Бұл шалды қалған жанкүйерлер де, журналистер де ұлттық құраманың он екінші ойыншысы санайды. Бұл мақтау оған да ұнайды екен. «Мен өзімді Кафумен салыстырамын, ол құрама атынан 150 рет шыққан. Мен болсам бүгінге дейін Бразилия құрамасының 146-шы ойынына қатыстым. Енді 7 матчқа қатыссам, 153 ойын болып, оның рекордын жаңартам!» деп әзілдейді екен.

Кловис Акоста Фернандес басқа да бразилиялық жанкүйерлер сияқты өте белсенді. Таяудағы қасіретті жеңіліс оған оңай тимегені анық. Бразилия құрамасы Германиядан бірінші таймда 0-4 есебімен ұтылып жатқанда оны журналистер суретке түсіріп алыпты.

Бірақ матчтан кейін не болғанын көбісі біле бермейді. Гаучо көзіне жас алып тұрып, Германия футбол құрамасының жанкүйер қызына үнемі тастамайтын ӘЧ кубогының көшірмесін сыйлайды. Сыйлап тұрып ол былай депті: Мұны финалға ал. Көріп тұрғаныңдай мен бұл сөзді оңайлықпен айтып тұрған жоқпын. Бірақ сендер жеңіске лайықты болдыңдар».

Жеңіле білудің өзі өнер десек, шын жанкүйердің мұндай ісін бәріміз де білгеніміз дұрыс шығар?  

 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kem.kp.ru