Қуат Хамитов Қытайда чемпиондық атаққа таласады

Нұржамал Үсенова Корреспондент
Нұржамал Үсенова>
Қуат Хамитов Қытайда чемпиондық атаққа таласады
Фото ©️ vk.com

Ережесіз жекпе-жектен “Найман” лақап атымен танымал қазақстандық Қуат Хамитов Қытайда жекпе-жек өткізеді. Отандасымыз WBK тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионының белбеуіне таласатын болады.

БӨЛІСУ

Қазақстандық спортшының қарсыласы – бельгиялық танымал спортшы Алька Матева. Ол ережесіз жекпе-жекке дейін кикбокспен айналысқан. Кәсіпқой рингте 42 кездесу өткізіп,  5 рет жеңіліп, 1 рет тең аяқтаған. Ал ережесіз жекпе-жекте жоғары нәтиже қол жеткізбеген. Үлкен спортта «Спартандық» деген лақап атқа ие.

Айта кетейік, RUFF ұйымдастыруындағы үш кездесуінде де Қуат «Найман» Хамитов қарсыластарын жеңіп шыққан болатын.