Қуат Хамитов қазақ футболын сынға алды

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Қуат Хамитов қазақ футболын сынға алды
Фото ©️ Kaztube

Қазақстандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақ футболы жайлы өз ойын айтып, сынға алды. Бұл туралы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

Қуат Хамитов қазақ футболы жайлы ойын "Астана" мен "Селтиктің" кездесуінен кейін Instagram желісінде жариялады. Оның айтуынша, футболға жұмсалып жатқан қаражатты боксқа, күреске және аралас жекпе-жекке бөлу қажет.

- Қазақстанда футболға тыйым салу керектігін әрдайым айтып келемін! Бұған кетіп жатқан қаражат көл-көсір. Одан да балуандарға, боксшыларға, файтерлерге беріңіздер. Олардың жүрегінде ар-намыс пен мақтаныш бар! Олар елі үшін өз қаражатына еліміздің Туын көтеріп, абыройын асырып жү; ақымақтарға ұқсап 90 минут жүгіріп, миллиондаған ақша алмайды! Бұл қаражатқа ауылдарда базалар салса, ол жақтан нағыз чемпиондар шығар еді! Ал бұлар өз алаңында, америкалық футбол сияқты өз елінде ойнап жүре берсін. (...) Қазақтар соғысқан, доптың артынан қумаған! Ашығып өліп жатқан Африканың өзі біздің футболшыларымыздың жасап жатқанынан да жақсы өнер көрсетеді! Спортшы тоқ болса, өмірі жайлы болса, одан нәтиже шықпайды! Чемпион болу үшін кедей сияқты өмір сүріп, жетістікке жету үшін ерік-жігерің көп болуы тиіс! Сол кезде ғана нәтиже шығады! Шешім жасаңыздар!, - деп жазды ол.

Айта кетейік, түнде өткен ойында "Астана" Глазгода "Селтиктен" 5:0 есебімен ұтылды. Қос команда арасындағы қарымта кездесу 22 тамыз күні Астанада өтеді.