Кіші Монро: Головкиннің соққысы күшті, Лемьенің жағы әлсіз

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Мақпал Бисембаева>
Кіші Монро: Головкиннің соққысы күшті, Лемьенің жағы әлсіз
Фото ©️ tn.kz

Биылғы мамырда Головкиннен жеңіліп қалған америкалық боксшы Вилли Монро қазақстандықтың Давид Лемьемен алдағы кездесуіне болжам жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.

БӨЛІСУ

"Лемье – қауіпті боксшы, ол жақын қашықтықта жақсы жұдырықтасады. Бұл өте жақсы, себебі, Головкинмен мен жұдырықтасқанда осы позицияда барымды салдым. Головкиннің соққысы қатты. Лемьенің соққыны қалай қабылдайтынын көрмедік қой. Басымдықты Головкинге берер едім, себебі оның соққысы күшті, ал Лемьенің жағы мықты емес", - деді боксшы tofight.ru басылымына берген сұхбатында.

Еске салайық, Головкин - Лемье жекпе-жегі 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл кездесуді HBO телеарнасы таратады. Ал Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" арнасынан көруге болады.