УЕФА-ның президенті "Алтын доптың" иегерін анықтауда ФИФА-ның жасаған әрекеттерін қатты сынға алып, Риберидің ала алмағанына өкініш білдірген...
УЕФА президенті дауыс беру жүйесіндегі орын алған өзгерістердің олқылығын айтпаса да, сынға алып отыр.
Осы тұста бір айта кетерлігі, қазіргі таңда "Алтын доп" ФИФА мен "Фрaнс футбoл" қауымдастығының ортақ марапаты саналады.
"Мен "Алтын доптың" Рибериге тимегеніне қатты таңырқаудамын", - дейді Плaтини L'Equipe басылымына берген сұхбатында.
"Келесі жылы біздер Рoнaлду мен Мeссидің дуэліне қайта оралып, Криштиaну мен Лиoнeльдің кезекпе-кезек жүлде алуына куә болатын боламыз.
Елу жыл ішінде "Алтын доптың" иегерін маусым бойында жеткен жетістіктеріне қарап бағалаушы еді, ал бірақ қазір барлығы ойыншының алаңда не істеп, не қоятындығына байланысты болып отыр.
Бәріне қарамастан, Роналдудың бұл сыйлықты лайықты еңбек еткенін жақсы түсінемін", – дейді сөз аяғында.
Дайындаған: Нұржігіт Айдархан
сурет: footballisimo.ru