Әлемдегі ең ірі қайырымдылық қоғамының бірі «Балаларды қорғау» қайырымдылық қоры жаңа жылдың алғашқы күндерінде «Жершары періштесі» атты шара өткізген. Бұл шараның ең басты қонағы әрі ұйымдастырушылардың бірі, Реал Мадрид командасының мүшесі, әлемге әйгілі аладоп жұлдызы – Криштиану Роналду.
Қаңтардың 3-жұлдыздында өткен шараның басты мақсаты аштық және балалардың шектен тыс семіріп кетуі мәселесін шешу жөнінде өткізілді. Криштиану Роналду балалармен салауатты өмір салты және спорт тақырыбында сырласу, кездесу өткізді.
Ол тілшіге берген сұхбатында «Мен күн сайын әлемде 7 бала аштық азабын тартады деген сөзді естігенімде бұл ұйымға кіруге бел байладым әрі бар күшіммен оларға көмектесуге тырысамын» деген.
Дайындаған: Алшын Матай