Қостанай облысында 9 жастағы Мейрам Зубковқа іздеу жарияланды, - деп хабарлайды alau.kz басылымы.
БӨЛІСУ
"Барыс" іздестіру-құтқару жасағының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған ақпаратта Мейрам Зубковтың 16 маусымда Владимировка ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан лагерден кеткені хабарланған. Осы жерлердің жанында Тобыл өзені ағып жатыр.
Белгілері: бойы шамамен 100 сантиметр, арықтау келген, шашы қара, қысқа.
Киген киімі: қою жасыл қалпақ, жасыл камуфляж куртка, көк шорт.
2012 жылы туған Мейрам Зубковты іздеуге көмектесетін қандай да бір ақпараты бар адамдардан 8(777) 412-90-45, 8(707)590-77-57 немесе "102" телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.