Коста-Рика құрамасының қақпашысы "Баварияға" ауысты

Болат Қосмағамбет Корреспондент
Болат Қосмағамбет>
Коста-Рика құрамасының қақпашысы "Баварияға" ауысты

Коста-Рика құрама командасы мен испандық «Леванте» футбол клубының қақпашысы Кейлор Навас ендігі жерде спорттық мансабын мюнхендік «Бавария» клубында жалғастыратын болды, деп хабарлайды «Р-Спорт».

БӨЛІСУ

Басылымның жазуынша, қатарында әлемдегі ең үздік қақпашылардың бірінен саналатын Мануэль Нойер бар «Бавария» клубы 27 жасар Навасты өз қатарына қосу үшін «Левантеге» 10 миллион еуро төлеген екен.  

«Ол Еуропадағы ең үздік футбол клубтарынының біріне келіп қосылды. Алдағы уақытта оны мүйізі қарағайдай Нойермен болатын бәсекелестік күтіп тұр. Навас өткен маусымды жоғары деңгейде аяқтап, әлем чемпионатында да өзін тамаша көрсете білді. Біз оның спорттық мансабының осылайша өрге басқанына қуаныштымыз. Екі жақ та жасасқан келісімге дән риза»,-деп мәлімдеді «Леванте» вице-президенті Томас Перес.

Айта кетейік, Кейлор Навас «Леванте» сапында 2011 жылдан бері өнер көрсетіп келді. Аяқталған маусымда ол 39 ойынға қатысып, 40 гол жіберді. Ал Бразилияда өтіп жатқан әлем чемпионатында сенімді қақпашысының арқасында Коста-Рика құрамасы ешкім күтпеген жерден турнирдің ширек финалына шықты. Навас бес матчқа қатысып, бар болғаны 2 доп жіберді.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: sports.ru