Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары арасындағы финал жанжалмен басталды, – деп хабарлайды msports.kz.
БӨЛІСУ
Ойында бірінші салымды қазақстандық көкпаршы салды. Одан кейін қырғыз шабандоздары 3 салым салып, есепте алға шықты.
Бірінші кезеңнің аяқталуына 6 минуттай уақыт қалғанда көкпаршылар қақтығысып, ойын уақытша тоқтатылды. Араға жарты сағат сала ойын қайта жалғасты.
Айта кетейік, бүгін Қазақстан мен Қырғызстан арасында көкпар мен көкбөріден екі бірдей финал өтеді.