Бокстан Алматыда өткен Әлем чемпионаты да мәресіне жетті. Алайда ақтық сындағы соңғы кездесулерінде Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычко қарсыластарынан айлаларын асыра алмады.
81 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Әділбек Ниязымбетов ақтық сынға дейін сүрінбей жеткен болатын. Алайда финалда кубалық Хулио де ла Круз Перазамен жұдырық түйістірген жерлесімізі Бакуде кеткен есені қайтара алмады. Бірінші нөмірмен өнер көрсетуді жөн деп санаған Әділбек қарсыласына тағы да есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынаған Иван Дычко ақтық сында Могамедрасул Меджидовтан жеңіліс тапты. Әзірбайжан былғары қолғап шебері соңғы раундта барын салып, жойқын соққысының арқасында жерлесімізді нокаутқа жіберді. Нәтижесінде Иван Дычко құрама қоржынына екінші күмісті салды.
Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін 4 бірдей боксшымыз алтыннан алқа таққан болатын.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz