Коронавирус пандемиясының салдарынан қаржылық қиындыққа ұшыраған "Ювентус" футбол клубы тығырықтан шығу үшін көшбасшы ойыншысы Криштиану Роналдуды сатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Il Messaggero басылымы мәлімдеді.
Қаржылай қиындыққа тап болып, кірісінен айырылған туриндік команда Роналдуға бұрынғы жалақысын төлей алмайтын жағдайға жетіп отыр. 35 жастағы португал футболшысы "Ювентусте" жылына 31 миллион еуро жалақы алады екен.
"Ювентус" шығынға батпау үшін Криштиану Роналдуды сатуды көздеп отыр. Дегенмен туриндік команда португалиялық футболшыны кем деген 70 миллион еуроға беретіні анық. Дереккөздің айтуынша, Роналду командада жалақы мөлшерін азайтқан жағдайда ғана қалады.
Коронавирус салқыны тек Еуропаның гранд-клубтарына ғана емес, қатардағы командаларға да тиюде. Еурододаның тұрақты қатысушысы, Словакияның 7 дүркін чемпионы "Жилина" күні кеше банкротқа ұшырағанын мәлімдеді. 1908 жылы құрылған клуб коронавирусқа байланысты барлық кірістерінен айырылған.
"Жилина" басшылығы команданы сақтап қалу үшін футболшыларынан жалақы төлеуді тоқтату тұруды өтінген, алайда қос тарап бір келісімге келе алмады.