Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Gap Podcast youtube-арнасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде таралған 3 ай бұрын жазған мақсаты туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның айтуынша, жазу оған мотивация болған.
"Адам жақсы көріп айналысқан нәрсесі болса, түбіне жетудің жолдарын іздей бастайды. Қағазға есіне сақтап қою мақсатында жазады. Кейде мотивация болу мақстатында жазуы мүмкін. Мысалы, Олимпиада чемпионы деген жазуды көру менің мотивациям болды. Өзімді-өзім ояту, қамшылау мақсатында мен аянбай еңбек етуім керек екенін өзіме еске салып отыру мақсатында көрген жерде қағазға "Елдос Сметов - Олимпиада чемпионы" деп жаза беретінмін. Бұл мен үшін әдетке айналды, әрі мақсат болды. Сол сияқты облыс басқармасының басшысы Ернар Ибраевпен 3 ай бұрын кездесуімізде қағазға солай жаздым да, өзіммен бірге алып кетемін деп отырғанмын. Бірақ Ернар Ибраев қағазды алып қойды. Ойымда түк жоқ, "ол қағазды не істейді" деп ойлағанмын. Әлеуметтік желіде қазір бәрі "3 ай бұрын жазып кетті" деп шулап жатыр ғой", - деді ол.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз