Жамбыл облысы футбол мектебінің түлегі Ұлан Қонысбаев «Астана» командасымен үш жылдық келісімшартқа қол қойды.
БӨЛІСУ
Ұлан 2011-2013 жылдар арасында елордалық команда сапында ойнап, кейіннен кеншілер командасына қарай ауысқан. 25 жастағы ойыншы бұған дейін ел біріншілігіндегі "Тараз" құрамында 58 ойын өткізіп, 7 гол салса, қарағандылық "Шахтер" командасының сапында жүргенде 40 ойында 5 голдың иесі атанған екен. Ал, "Астана" құрамында өткізген кездесулерінде 66 рет алаңға шығып, 11 голды өз атына жазған. Қонысбаевтың қауқары командаға қандай нәтиже алып келетінін ел біріншілігінде көреміз.
Сурет: Vesti.kz
Оқи отырыңыз:
Футболдан ел премьер-лигасы қашан басталады?