Конор МакГрегор спорттағы мансабын аяқтады

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Конор МакГрегор спорттағы мансабын аяқтады
Фото ©️ Informtime

Ирландиялық танымал спортшы, аралас жекпе-жек шебері, UFC ұйымында екі салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы болған Конор МакГрегор мансабын аяқтады. Бұл туралы өзі twitter желісіндегі парақшасында жазды.

БӨЛІСУ

- Сәлем,  жігіттер! Шұғыл хабарлама: мен спортпен қоштаспақпын, яғни аралас жекпе-жек өнері жолындағы мансабымды аяқтадым. Барша ескі әріптестеріме сәттілік пен жетістік тілеймін. Енді зейнетке шыққандар қатарына қосыламын, - деп жазды МакГрегор.

Конор МакГрегор соңғы рет 2018 жылдың қазан айында октагонға шыққан болатын. Жеңіл салмақта ресейлік Хабиб Нурмагомедовтен жеңілген еді. Жекпе-жек соңындағы қақтығысқа байланысты 6 ай спорттан шеттетілген. 50 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеген. Жаза уақыты сәуір айының орта тұсында аяқталатын еді. Осыған дейін ресейлік спортшымен қарымта кездесу өткізгісі келетіні жайлы да айтып жүрген болатын.

30 жастағы ирландиялық спортшы 21 жекпе-жегінде қарсыласына мықтылығын мойындатты. 4 кездесуінде қарсыласының мықтылығын мойындады. Сондай-ақ әйгілі Флойд Мейвезермен (кішісі) бокс ережесін сай жекпе-жек те өткізді.