Конькимен жүгіруден Калгариде өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан құрамасы қола жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды massaget.kz сайты.
БӨЛІСУ
Қазақстандық спортшылар Кристина Силаева, Дарья Важенина және Надежда Морозова үштігі командалық спринтте сәтті өнер көрсетті. Жарыс қашықтығын 1:26.36 секундта еңсеріп, Қазақстан қоржынына қола медаль салды.
Жарыста Канада құрамасы жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Польшадан келген спортшылар иеленді.
🥇 Алтын жүлде – Канада (1:24.90)
🥈 Күміс жүлде – Польша (1:25.02)
🥉 Қола жүлде – Қазақстан (1:26.36)