"Астана" Конференция лигасының жалпы кезеңінің бесінші турында "Челсиден" ұтылып, сенсация жасай алмады. Алматыда өткен кездесу 1:3 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Англиялық клуб бұл ойынға жастар құрамын алып келді. 19 жастағы шабуылшы Марк Гиу ойынның 14-минутында оң қанаттан астаналық футболшыларды алдап өтіп, гол соқты.
Бұл голдан соң қарсылас команда шабуылды одан әрі үдетті. Тағы да Марк Гиу 19-минутта қақпадан саңылау тапты.
Ренату Вейга 40-минутта "Челсидің" басымдығын одан әрі арттыра түсті.
45-минутта "Астана" командасының жартылай қорғаушысы Марин Томасов көптен күткен голды салды.
Осылайша, Алматыдағы матчта қазақстандық команда 1:3 есебімен есе жіберді.
Келесі тур 19 желтоқсанда өтеді. "Астана" сырт алаңда кипрлік АПОЭЛ-ді қабылдаса, "Челси" өз алаңында ирландиялық "Шемрок Роверспен" кездеседі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!