Команда капитаны ақтық сынға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Команда капитаны ақтық сынға шықты

Бокстан Алматыда өтіп жатқан Әлем чемпионатында 69 келі салмақ дәрежесіндегі Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов жартылай финалда неміс Аражик Марутянды жеңді.

БӨЛІСУ

Неміс елінің намысын қорғаған Аражик алғашқы минуттардан бірінші нөмірмен өнер көрсетуді жөн санады. Бұл Даниярдың күткен-ақ кездесу жүйесі. Өйткені команда капитаны қарымта шабуылда жойқын соққыларын қарсыласына дарыта алатын былғары қолғап шеберлерінің санатына жатады. Екінші, үшінші раундта Данияр Елеусінов өзінің кездесуде жеңіске жететінін айқын аңғартты. Нәтижесінде Қазақстан құрамасының сапынан төртінші боксшы болып ақытық сынға жолдама алды. Енді оның қарсыласы - кубалық Ариснойдис Деспайжн.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz