Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы финалға шықты
Фото ©️ Ұлттық және ат спорт түрлері орталығы

Астанада өтіп жатқан V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан Қазақстан құрамасы финалға жолдама алды, – деп хабарлайды msports.kz тілшісі. 

БӨЛІСУ

Қазақстандық көкпаршылар жартылай финалда Ресей командасын 18:2 есебімен ұтты. Финалда отандастарымыз қырғыздармен алтын жүлдені сарапқа салады.

"Қазанат" ипподромында өтіп жатқан көкпар бәсекесіне 9 мемлекеттің құрамасы қатысып жатыр. Бұл спорт түрінен барлығы 104 спортшы сынға түсуде.

Финалдық ойын 12 қыркүйекте өтеді. Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бірінші ойында өзбек көкпаршыларын 16:0 есебімен ұтқан болатын. Кеше АҚШ құрамасынан 12:4 есебімен басым болды.