Кирилл Павлов төртінші орынды қанағат тұтты

О Сансызбай Корреспондент
О Сансызбай>
Кирилл Павлов төртінші орынды қанағат тұтты

Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақтағы ерлер сынында ел намысын қорғаған Кирилл Павлов төртінші орынды қанағат тұтты. Нәтижесінде өзінің жеке рекордына қол жеткізді.

БӨЛІСУ

Отандасымыз жұлқа көтеруде үш мүмкіндігін де сәтті пайдаланды. Үздік нәтижесі 157 келіні құрады. Ал албан Даниел Годелли мен қытайлық Гуошин Жонг бірінші жаттығуларында 171 келіні бағындырды.

Серпе көтеруде де Кирилл үш мүмкіндігін ойдағыдай орындады. Үшінші мүмкіндігінде 195 келіні еңсергенмен, жүлде иеленуге жерлесіміздің көрсеткіші жетпеді. Алтын жүлде Албаниядан келген Даниел Годеллиге (171+198 келі) бұйырса, күмісті қытайлық Гуошин Жонг (171+196 келі) иеленді. Қола серпе көтеруде үздік шыққан солтүстік кореялық Ким Квонг Сонгке (163+200 келі) бұйырды.

Ертең 63 келіге дейінгі салмақта әйелдер арасында Корина Горичева ел намысын қорғайтын болады. Қазіргі таңда Қазақстан қоржынында Зульфия Чиншанло еншілеген жалғыз алтын жүлде бар. 

Сурет: almaty2014iwf.com