28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Бразилияның Гуаружа қаласында өткен кикбоксингтен Low-kick и К-1 Әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы ХІ орынды иеленді.
БӨЛІСУ
Жарысқа әлемнің 48 мемлекетінің атынан 413 спортшы қатысты. Қайрат Смағұлов баптайтын қазақстандық спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 2 қола иеленіп, жалпыкомандалық есепте 11-ші орыннан көрінді.
Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына алтын жүлдені 51 келі салмақта өнер көрсеткен Нұркен Төлегенов салды. Күмісті 75 келіде Бобуржан Артықбаев жеңіп алса, қола жүлделерді Захар Воробей мен Бауыржан Құдайбергенов иеленді.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: readfootball.com